15 маусым 2023 жыл, – Moody ‘s Investors Service (Moody’ s) агенттігі бүгін Еуразиялық банктің депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингіні b2-ден b1-ге дейін, сондай-ақ оның негізгі кредиттік рейтингін b3-тен b2-ге дейін көтерді, бұл активтердің сапасын жақсартудағы елеулі оңалысты көрсетеді. Банктің ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтері бойынша болжам оң күйінде қалып отыр.

Агенттік Банктің 2022 жылы ең алдымен ресейлік еншілес банктер Қазақстаннан кеткеннен кейінгі банктік ландшафттың өзгеруімен, жаңа клиенттер мен кіріс көздерінің пайда болуымен байланысты қолайлы операциялық ортаны сәтті пайдаланғанын атап көрсетеді, бұл үдеріс нәтижесінде активтер сапасы мен капиталдың жеткіліктілігінің артуына, кірістілік пен төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерінің жақсаруына әсер етті.

“Біздің банк рейтингісін көтергенін хабарлауға қуаныштымыз. Бұл – біздің жұмысымыздың күтілетін нәтижесі: соңғы үш-төрт жылда біз бизнесте сапалы серпіліс жасадық. Тәуекел менеджментін, цифрлық трансформацияны және өнімдер мен қызметтерді дамыту жылдамдығын жақсартуға баса назар аударылды. Біз олардың тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін әріптестерімізбен және клиенттерімізбен тығыз ынтымақтастықты жалғастырамыз және қаржылық қызметтер нарығының әртүрлі сегменттерінде өздерінің бәсекелестік артықшылықтарын арттыратын боламыз”, – деп атап өтті Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ләззат Сатиева.

Агенттік банктің проблемалық портфельді сауықтыру және несиелеудің қатаң стандарттарын ескере отырып, ағымдағы портфельдің сапасын жақсарту жөніндегі шаралары проблемалық қарыздар үлесінің төмендеуіне әкелгенін атап өтті. Сондай-ақ, банк проблемалық несиелердің резервтерін айтарлықтай жақсартты.

Moody ‘ s банк осы жетістіктерді сақтап, активтердің сапасын, төлем қабілеттілігін, кірістілігі мен өтімділігін ішкі операциялық ортаға ықтимал геосаяси қысымға қарамастан жоғары деңгейде сақтай алады деп күтеді. Рейтингтік агенттіктің пікірінше, өнімдер мен қызметтерді белсенді цифрландыру, клиенттердің өсіп келе жатқан бөлшек сауда базасы банкке пайыздық және пайыздық емес кірістерді көбейтуге мүмкіндік береді.

Рейтингтік әрекет сонымен қатар Moody ‘ s агенттігінің ESG бағалауын — банктің экологиялық, әлеуметтік және басқару тәуекелдерін қайта қарауын көрсетеді. Тәуекелдерді сауатты басқару нәтижесінде банктің несиелік көрсеткіштерін жақсарту корпоративтік басқаруды бағалауды банк үшін бұрын берілген G-4-пен салыстырғанда G-3-ке дейін жақсартуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде ESG факторларының несиелік әсері CIS -4-тен CIS-3-ке дейін жақсарды.

Агенттік банктің жалпы несие портфеліндегі проблемалық қарыздардың үлесі 2022 жылдың аяғында шамамен 13% – ға, 2021 жылдың аяғында 22% – ға және 2020 жылдың аяғында 29% – ға дейін төмендегенін атап өтті. Сонымен қатар, Еуразиялық банк 2020 жылдың аяғындағы 65% – дан 2022 жылдың аяғындағы 116% – ға дейін қарыздар бойынша ықтимал шығындарға арналған резервтермен қамтуды айтарлықтай жақсартты.

Банктің кірістілігі де жақсарды, орташа активтердің кірістілігі 2022 жылы шамамен 1% – бен салыстырғанда 4% – дан астамға дейін өсті.