Mastercard World Elite картасымен 151-ші The Open at Liverpool чемпионатына Eurasian Diamond Club ұсынған екі адамға саяхат ұтысына қатысыңыз.

Ұтыс шарттары:

Eurasian Diamond Club ұтысына MasterCard World Elite металл және несие карталарының ұстаушылары, ҚР резиденттері болып табылатын, ұтыс кезеңінде 500 000 теңгеден басталатын сомаға сауда жасаған клиенттердің барлық транзакциялары қатыса алады.

— Ұтыс ойынына қолма-қол ақша алу немесе толықтыру, бюджетке төлем жасау, айыппұл,  кедендік баж, несие төлеу, депозит толықтыру, интернет-банкингте төлем жасау, карта бойынша ақша аудару операциялары, банкоматтар арқылы қызметтерге ақы төлеу, казиноға төлем жасау, коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу, электрондық әмиянды толықтыру, электрондық ақша сатып алу транзакциялары қатыспайды.

— Транзакциялар санына шек қойылмайды.

— Ұтысқа банк қызметкерлері және банкпен айрықша байланыстағы тұлғалар қатыспайды.

— Жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторы көмегімен анықталатын болады.

Ұтысты өткізу кезеңі: 2023 жылғы 3 сәуірден қоса алғанда 15 маусымға дейін. Ұтыс шарттары туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.