Астанада 28 қыркүйекте Forbes Woman Club 2022 әйелдер бизнес-клубының жыл сайынғы кездесуі өтті, оның бас демеушісі Eurasian Diamond Club болды.

Қазақстанда кәсіпкерлер әйелдердің ЖІӨ бойынша үлесі 40%-ға жетті, еліміздің ШОБ саласындағы әйелдер кәсіпкерлігі 43%, ал елдегі басшы әйелдердің үлесі 39% құрайды.

Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ләззат Сатиева Forbes Woman Club 2022 аудиториясының алдында құттықтау сөз сөйлеп, осындай үлкен іс-шарада банктің бірінші басшысы ретінде алғаш рет сөз сөйлеп отырғанын айтты. Сондай-ақ Еуразиялық банк әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Forbes Woman Club 2022 кездесуінің Астанада өтуі кездейсоқтық емес, өйткені бұл жерде әйелдер кәсіпкерлігі қарқынды дамып келеді, кәсіпкер әйелдер Қазақстанның іскерлік тыныс-тіршілігінде үлкен рөл атқарады.