Еуразиялық банк елдегі гольфтың дамуына қолдау көрсетуді жалғастырып, 2025 жылы кезекті рет Қазақстан Гольф федерациясының бас демеушісі болды.

Банк гольф бойынша негізгі республикалық және халықаралық жарыстардың серіктесі болады. Ынтымақтастық Қазақстанның халықаралық гольф-аренадағы позициясын нығайтуға, осы спорт түріне қызығушылықты арттыруға және оның елдегі одан әрі дамуына қолдау көрсетуге бағытталған.